Қазақстан қалаларында букмекерлік нысандардың жұмысына тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан қалаларында букмекерлік нысандардың жұмысына тыйым салынады

13.05.2020

Қазақстан қалаларында букмекерлік нысандардың жұмысына тыйым салынады. Барлық кеңселер енді Бурабай мен Қапшағайда шоғырланады. Осындай нормасы бар заң жобасын Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Мәдениет және спорт министрлігі ұсынған құжатқа депутаттар 159 өзгеріс енгізген.

Қазақстанда 350 мыңдай ойынқұмар адам бар екен. Оның басым бөлігі жасөспірімдер. Денсаулық сақтау министрлігі құмарлықтың құлқынына түсіп кеткендерге «Лудомания» деген диагноз да қойды. Ең сорақысы елде ажырасқан 10 отбасының жетеуіне осы құмар ойын себеп болған. Сондықтан, ойын бизнесіне үлкен шектеулер енгізу жобасы әзірленіп жатыр.

Кеңселер көшірілгенмен бәсті онлайн тігетіндерді тыю мүмкін емес. Сондықтан министрлік арнайы орталық құруды қолға алмақ.

Енді елімізде тек спорттық оқиғаларға ғана ставка қабылданады. Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу