Талдықорғанда майлы дақылдарды өңдейтін жаңа зауыт іске қосылды
Талдықорғандағы индустриалды аймақта майлы дақылдар өңдейтін зауыт ашылды. Кәсіпорын бастапқы кезеңде 50 адамды, толық қуатына көшкенде 350 адамды жұмыспен қамтиды. Ал тәулігіне 400 тонна күнбағыс пен рапс өндіруге қауқарлы. Жаңа нысанның салтанатты ашылуына өңір басшылары мен отандық инвесторлар қатысты.
Зауыт құрылысы 2013 жылы басталған. Жалпы құны 5,8 миллиард теңге Оның 4,4 миллиард теңге қаржысы игерілді. Жоба бірнеше кезеңнен тұрады. Алғашқысында майлы дақылдарды қабылдау, кептіру, тазарту және өңдеу қарастырылып отыр.
Дәл осы индустриалды аймақта алдағы уақытта кезең-кезеңімен құны 23 миллиард теңге болатын 3 ауқымды жоба жүзеге асады. Жаңадан 500 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29