Биыл елімізде 150 мың баспана салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елімізде 150 мың баспана салынады

07.04.2020

Биыл елімізде 15 миллион шаршы метр баспана салынады. Басталған істі аяғына дейін жеткізуге қаражат пен құрылыс материалдары жеткілікті. Салынған үйлер халыққа «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы ұсынылады.

15 миллион шаршы метр немесе 150 мың баспана. Бұл тұрғын үй құрылысындағы тың көрсеткіш әрі халықтың талабынан туындаған бастама. «Нұрлы жер» бағдарламасымен биыл 6 миллион шаршы метр жеке тұрғын үй салынса, 9 миллионы көп пәтерлі. Әлбетте бұл үйлер түгел тегін таратылмайды. Ал айлығы аз, тұрмысы төмен халыққа мемлекет есебінен берілетін ереже бар. Ол- «несиелік әрі арендалық» деп аталады. Мәселен, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін үйдің құрылысына биыл 90 миллиард теңге бөлінді. Бұл санатқа кімдер енетіні қанша пәтер берілетіні тиянақты түсіндірілген.

«Нұрлы жер» бағдарламасы барлық облысты қамтиды. Қажетті қаржы бөлінді. Енді тек әр нәрсені сылтау қылмай жұмысты уақытында аяқтау қажет.

15 миллион шаршы метр тұрғын үй саманнан салынбайтыны хақ. Жұмсалатын қаржы 669 миллиард теңге. Ауқымды істің аясында жаңадан өндіріспен жұмыс орындары ашылады. Импорттық материалдардың көлемін азайту көзделген. Қысқасы, құрылыстағы қазақстандық үлесті 95 пайызға жеткізу мақсаты тұр. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан жан басына шаққандағы шаршы метрдің үлесі бойынша ТМД-да үздіктердің арасында көш бастаған.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу