Үкімет үйінде еліміздегі тұрғын үй құрылысының сапасына қатысты жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет үйінде еліміздегі тұрғын үй құрылысының сапасына қатысты жиын өтті

17.01.2019

Биыл елімізде 115 мың пәтер кілтін табыстау жоспарда бар. Бұл туралы Үкіметте баспана мәселесіне арналған брифингте мәлім болды. Атап айтсақ, 20 мың пәтер, яғни, 1,3 млн. шаршы метр мемлекеттің қаржыландыруының арқасында салынады. Былтыр 12,5 млн. шаршы метр баспана пайдалануға беріліпті. Соның арқасында 113 мыңнан астам отбасы тұрғын үй мәселесін шеше алды. Басты бағыты баспананы қолжетімді ету болған «Нұрлы жер» бағдарламасы да биыл жалғасын табады. Ал, Елбасының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «7-20-25» ипотекалық жобасы еліміздің құрылысына қарқын берді. Сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» баспана үшін алғашқы жарнаны 30 пайыздан, 20-ға дейін төмендетіп отыр.

Ләззат Ыбрайымова, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасының төрайымы:

- Жалпы, өткен жыл банк үшін рекордтық жыл болды. Банк 38 мыңнан астам қарыз берді. Бұл 38 мыңнан астам қазақстандық үйлі болды деген сөз. Әр төртінші қарыз «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша берілді.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу