2015 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша 9,5 мың пәтер салынады

02.10.2014
2015 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша 9,5 мың пәтер салынады

2015 жылы «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 9,5 мың пәтер салынады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

Биыл республикалық бюджет есебінен несиелік және жалға берілетін баспана аясындағы ауданы 626,4 мың шаршы метрді қамтитын 8 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланған.

Биылғы 9 айда 3 700 пәтер тапсырылса, жыл соңына дейін 4 мың пәтерді тапсыру жоспарланып отыр.

Жалпы, аталған бағдарлама бойынша 2012-2020 жылдар аралығында 69 миллион шаршы метр тұрғын үйді салу қамтылған.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу