Биыл пәтерді жалға алу құны 11%-ға өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл пәтерді жалға алу құны 11%-ға өскен

15.09.2021

Елде пәтерді жалға алу қымбаттады. Биыл баға 11%-ке өскен. Әсіресе өткен айда шарықтап кетті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жалдамалы баспана Алматы, Шымкент, Ақтөбеде 29 пайызға дейін қымбаттаған. Риэлторлар қауымдастығының хабарлауынша, тұрғындар бір бөлмелі пәтерді 150 мың теңгеге жалдап тұруға мәжбүр. Ал екі бөлмелі пәтердің айлық ақысы 250 мың теңгеден асады. Тұрғын үй саудасымен айналысатын порталдарда ең қымбат жалдамалы пәтер Алматыда орналасқан. 1 бөлмелі пәтерді иесі 700 мың теңгеге жалға қойған. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу