Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 850 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 850 мыңнан асты

01.04.2020

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 850 мыңнан асты. 

Қытай ғалымдары 2 ай ішінде коронавирус қоздырған дертті емдеудің тиімді әдісін тапты. Зерттеу барысында қауіпті инфекцияға төтеп бере алатын бірнеше антиденелер анықталған. Олар індеттен айыққан науқастардың қанынан алынды.

Ғалымның айтуынша, ғылыми жаңалықтың қорытындысы 6 айдан кейін, адамдарға сынақ жасалған соң белгілі болады.

Пандемияның жайлауына байланысты Африка дабыл қағып отыр. Континентте 6 мыңдай адам вирус жұқтырып, 200-дейі қаза тапты. Мамандардың айтуынша, COVID-19 Эбола эпидемиясынан әлдеқайда қауіпті.

Сол Африка мемлекетінің бірі – Сенегалда Франциялық «Марсель» футбол клубының бұрынғы президенті Пап Диуф қаза тапты. Өткен аптада 68 жастағы Диуфтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Бельгияда ауруға шалдыққан 90 жастағы әже өкпені жасанды желдету аппаратынан бас тартып, көз жұмды. Ол «өмірінің жақсы өткенін айтып, дәрігерлерден аппаратты жастарға беруді өтінген.

Бүгінде аталған медициналық құрылғының тапшылығы көптеген едерде байқалуда. Сондықтан, «Tesla» компаниясының басшысы Илон Маск әлем елдерінің ауруханаларына оны тегін беретінін хабарлады. Бұған дейін оның компаниясы өкпені жасанды желдететін мыңнан астам аппаратты таратқан.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу