Өткен тәулікте 1248 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 1248 адам коронавирус жұқтырған

23.06.2021

Енді эпидахуал бойынша жалпы статистикаға тоқталсақ. Нұр-Сұлтан қаласы әлі де «қызыл аймақта» тұр. Ал, «сары» аймақта 6 өңір бар. Олар: Алматы, Шымкент қалалары және Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстары. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты.

Бірақ, соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Кеше 1248 адам вирус жұқтырса, 13 науқас қайтыс болған. Вирустық белгілері бар пневмонияға 81 адам шалдығып, 1-еуі көз жұмған. Бүгінде 21 мыңнан астам адам емделіп жатыр, олардың 400-ден көбі ауыр жағдайда. Екпе алғандар саны 2 млн 850 мың адамнан асты.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу