31 наурыздан бастап Ақмола және Жамбыл облыстарында шектеу шаралары енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

31 наурыздан бастап Ақмола және Жамбыл облыстарында шектеу шаралары енгізіледі

30.03.2020
31 наурыздан бастап Ақмола және Жамбыл облыстарында шектеу шаралары енгізіледі

31 наурыздан бастап Ақмола және Жамбыл облыстарында шектеу шаралары енгізіледі.

Жүк және азық-түлік тауарларын тасымалдайтын автокөліктерден басқа көлік түрлеріне облыстардың аумағына кіруге және шығуға шектеу қойылады.

Ірі сауда орталықтары (ішінде азық-түлік дүкендері мен дәріханасын есепке алмағанда), шипажай-курортты нысандар, өнеркәсіптік тауарларды, киім-кешек, құрылыс тауарларын сататын базарлар жұмысын тоқтатады.

Аймақтардағы қоғамдық тамақтану нысандары жеткізіп беру режіміне көшеді.

Сондай-ақ облыс тұрғындарына үйден шықпауға кеңес берілді.

Хабарламаларға жазылу