Астанада бірнеше қоғамдық маршруттың қозғалысы өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада бірнеше қоғамдық маршруттың қозғалысы өзгереді

21.03.2015
Астанада бірнеше қоғамдық маршруттың қозғалысы өзгереді

Астанада С. Сейфуллин көшесінде жаңа тұрғын үй кешендерін пайдалануға беруге байланысты және тұрғындардың өтініштері бойынша 2015 жылдың  23 наурыздан бастап №34 қалалық автобустың қозғалыс схемасына келесідей өзгерістер енгізіледі:

Бастапқы пункт Көктал-2 т/а «Ақан сері» көшесі аялдамасына дейін Н. Тілендиев даңғылының бойымен өзгеріссіз қатынайды, одан әрі  Н. Тілендиев даңғылы - Ш.Бейсекова көшесі - С. Сейфуллин көшесі, одан әрі қазіргі қозғалыс схемасы бойынша жүреді.

Теміржол т/а тұрғындарының өтініші бойынша 2015 жылғы 23 наурыздан бастап №22 автобустың қозғалыс схемасына ішінара өзгерістер енгізіледі:

Бастапқы пункт Теміржол вокзалынан «Қобыланды батыр» көшесі аялдамасына дейін Р. Қошқарбаев көшесінің бойымен өзгеріссіз жүреді, одан әрі  Р. Қошқарбаев көшесі - Жаңажол көшесі - Ж.Жабаев көшесі - соңғы аялдама «Теміржол т/а». Автобус аталған схема бойынша кері қайтады.

Рысқұлбеков көшесінің бойындағы жолдың және қауіпсіздік жағдайының нашар болуына орай жолаушыларды үзіліссіз және қауіпсіз тасымалдау мақсатында 2015 жылғы 23 наурыздан бастап №9 автобустың қозғалыс схемасына келесідей ішінара өзгерістер енгізіледі:

Ш. Құдайбердіұлы көшесінен Абылай хан даңғылы аралығындағы қозғалыс Рысқұлбеков көшесінен Мүсірепов көшесіне дейін ауыстырылады. Автобус аталған схема бойынша кері қайтады.

Хабарламаларға жазылу