Каникулда мұғалімдерді мектепке шақырған директорлар жазаланды

26.03.2020
Каникулда мұғалімдерді мектепке шақырған директорлар жазаланды

Коронавирустың таралуын тоқтату шаралары аясында қабылданған ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, 16 наурыздан бастап еліміздегі барлық педагог көктемгі демалыс уақытында қашықтық режимінде жұмыс істейді. Алайда кейбір мектеп басшылары мұғалімдерді жұмысқа шығуға міндеттеген.

Мұндай жағдай, әсіресе, Түркістан және Алматы облыстарында болған. Ұстаздарды жұмысқа шақыртқан мектеп басшыларына тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Педагогтер әдістемелік және каникулдан кейінгі сабаққа дайындық жұмыстарын қашықтан атқаруы тиіс. Сондай-ақ, пандемия кезеңінде педагогтердің еңбекақысы толық көлемде сақталады, яғни үйден жұмыс істеу ұстаздардың айлығына әсер етпейді.

Хабарламаларға жазылу