Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарында шектеу шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарында шектеу шаралары күшейтілді

30.03.2020

Бүгіннен бастап Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарында шектеу шаралары күшейтілді. Ал Ақтөбе мен Қостанай өңірлерінде ертеңнен бастап тәртіп нығайтыла түспек. Бұл шаралар қатерлі індеттің таралауына жол бермеу мақсатында қолға алынып отыр.

Елімізде коронавирустан таза әзірге жалғыз өңір – Қостанай облысы да іргесін қымтап жатыр. Аймаққа шекаралас Ресейден және көрші облыстардан кіріп-шығуға шектеу қойылды. Ол үшін күре жолдардың бойына 10 блокпост орнатылды. Сондай-ақ, облыста автобус қатынасы да толығымен тоқтатылады. Тек жеке көлігімен жүретіндердің жолы бөгелмейді. Сыртқа шығуға да осындай тәртіп. Шектеу 31 наурыз күні сағат 22.00-ден бастап күшіне енеді. Жамбылда облысында да 16 блок-бекет күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр.

Аягөз ОРАЛБАЙ


Хабарламаларға жазылу