Сырттан келетін азық-түлік өнімдері салықтан босатылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сырттан келетін азық-түлік өнімдері салықтан босатылуы мүмкін

19.03.2020

Елордада бір адамға күнбағыс майын 5 литрден, ал жарма өнімдерін 5 келіден артық сатпайтын болды. Карантин уақытында енгізілген осы шектеу туралы Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев хабарлады. Сондай-ақ ол азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен банктердің кассалары бұрынғыша жұмыс істей беретінін айтты. Тек санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейтіп, кезекте тұрған тұтынушылар арасында 1 метр алшақтықтың сақталуын қамтамасыз етуге тиіс екенін айтады Ерлан Бекмырзаев.

Төтенше жағдай уақытында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың импортына кедендік баж салығы алып тастауы мүмкін. Халықты қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін сауда және интеграция министрлігіне осындай тапсырма берілді. Бұл сырттан келетін тауарлардың өзіндік құнын біршама төмендетуге мүмкіндік береді. Оның үстіне нарықта тауар көбейген сайын бәскелестік артып, бағаны арзандатуға болады.


Хабарламаларға жазылу