Елімізде көлік иелері салықтан босатылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде көлік иелері салықтан босатылуы мүмкін

11.09.2023

Елімізде қозғалтқыш көлемі аз көліктер салықтан босатылуы қажет. Себебі, биыл жанармай бағасы 2 есе өсіп, көлік иелерінің шығыны одан сайын артқан. Ұлттық экономика министрлігі осындай ұсыныс жасады. Ведомства халықтың көп бөлігі көліктің осы түрін пайдаланатынын, қосымша төлем олардың әлеуметтік жағдайына кері әсер ететінін алға тартқан. Сондай-ақ, министрлік жылжымайтын мүлік салығын қайта қарауды сұрап отыр. Бұл ұсыныстар жаңа Салық кодексінде ескерілуі тиіс.


Хабарламаларға жазылу