Қ.Тоқаев А.Маминді қабылдап, екі қаланың әкімімен онлайн кеңес өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Тоқаев А.Маминді қабылдап, екі қаланың әкімімен онлайн кеңес өткізді

18.03.2020

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелері аймақ басшыларымен өзара ынтымақтаса әрекет етуі тиіс. Бүгін Үкімет басшысы Асқар Маминді қабылдаған Президент, осылай деді. Сондай-ақ, Қасым-Жомрат Тоқаев, фискалды саясатты тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте Үкімет пен Ұлттық банк үйлесімді жұмыс істеуі тиіс екенін айтты Мемлекет басшысы. Ал Премьер-Министр ел аумағында коронавирустың таралуына қарсы қабылданған шешімдер мен Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантиннің енгізілуі және экономика субъектілерін қолдау бойынша шаралар жайында есеп берді.

 Сондай-ақ Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдерімен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев, қос қала тұрғындарын ең қажетті тауарлармен және азық-түлікпен толық қамтамасыз етуді қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ, елордадағы шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен халықаралық ұйымдарға қатысты туындаған мәселелерді тез арада шешуді және де бас қалада су тасқынына қатысты жағдайды ерекше бақылауда ұстауды жүктеді.

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу