Алматыда бір тәулікте 2 мыңға жуық адам COVID-19 қарсы вакцина салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бір тәулікте 2 мыңға жуық адам COVID-19 қарсы вакцина салдырды

01.06.2021

Алматыда соңғы тәулікте 2 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Екпе алған тұрғындар саны 300 мыңнан асты. Қазір мегополисте 211 вакциналау пункті жұмыс істеп тұр. 40-қа жуық көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды. Бірнеше айдан бері қауіпті аймақтар тізімінде болған Алматы қаласы бүгін «сары» аймаққа өтті.

Шаћар бойынша Covid-19 жұқтырғандардың27-і өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Бір тәулікте 200-ге жуық адам коронавирус жұқтырды. Жалпы қала бойынша инфекциялық стационарларда мыңжарым адам ем қабылдауда. Олардың51-і бала. Амбулаториялық бақылауда 1700-ден аса науқас бар.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу