Әлемде бір тәулікте 308 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде бір тәулікте 308 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

14.09.2020

Өткен тәулікте әлемде 308 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырып, рекорд жаңартылды. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеп отыр. Және де соңғы 24 сағатта планета бойынша COVID-19-дан 5500-ден астам адам қайтыс болған. 

Жұқтырғандар, әсіресе, Үндістанда, АҚШ-та, Бразилияда көп. Кешеден бері Үндістанда 94 мыңнан астам тұрғыннан қауіпті инфекция табылды. Ал жер-жаһанда мұндай науқастардың жалпы саны бүгін 28 миллионнан асып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу