Ақсу қаласында электровоз темір жол бойында тұрған тепловозға барып соғылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақсу қаласында электровоз темір жол бойында тұрған тепловозға барып соғылды

11.03.2020

Павлодардың іргесіндегі Ақсу қаласында электровоз темір жол бойында тұрған тепловозға барып соғылды. Оқиға Ақсу-1 стансасында күндіз болған. Қолда бар мәліметке қарағанда, 20 вагон тіркелген тепловоз тұрған орнынан қозғалмаған. Ал, электровоздың 3 вагоны жартылай темір жол табанынан тайып, аударылып қалған. Адамдар аман. Жараланған ешкім жоқ. Қазір арнайы жұмыс тобы құрылып, теміржолдағы апаттың себебін анықтап жатыр.

Болат АМАНБАЕВ   

Хабарламаларға жазылу