Астанада автобус он көлікті соқты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада автобус он көлікті соқты

23.08.2017

Бүгін Астанада Кенесары көшесінің бойында ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Тежегіші істен шыққан автобус көше бойында тұрған 10 көлікті соғып барып тоқтады. Куәгерлердің айтуынша, автобустың ішінде жолаушылар болған. Араларында зардап шеккендер де бар. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Тілшілеріміз ІІД баспасөз қызметіне, автобус паркіне хабарласты. Ондағылар бұл жол апатына қатысты ешқандай түсінік бермеді.

Хабарламаларға жазылу