Коронавирус құрбандарының саны 3383-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус құрбандарының саны 3383-ке жетті

06.03.2020
Коронавирус құрбандарының саны 3383-ке жетті

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 3383-ке жетті. 97,9 мың адам індет жұқтырған. 55,2 мың науқас емделіп, ауруханадан шығарылған.

Қытайда 80 552 мың адамға коронавирус жұқтырды деген диагноз қойылды. Олардың 3042-і қайтыс болды. 53.7 мыңнан астам науқас емделіп шыққан. 

Өткен тәулікте Оңтүстік Корея дертке шалдыққан 518 жаңа жағдай тіркелді. Елдегі ауру жұқтырғандардың жалпы саны 6284 адамға жетті. 42 адам көз жұмған.

Италияда 3296 адам коронавирус жұқтырған. Індеттен осы күнге дейін 148 адам көз жұмған. Елге аурудың кең таралуына байланысты Италия үкіметі елдегі барлық мектеп пен университетті осы айдың ортасына дейін жабу туралы шешім қабылдады.

Коронавирусқа байланысты тағы бір жолаушылар кемесі карантинде тұр. Grand Princess круиздік лайнері Гавайиге саяхат жасап, Сан-Фрасискоға қайтуы керек еді, бірақ бортта жұқтыру дерегі анықталғандықтан, кеме Калифорния жағалауында карантинге қойылды. Лайнерде 3 мың жолаушы бар.

ria.ru

Хабарламаларға жазылу