Бразилияда тасқын құрбандарының саны 94-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда тасқын құрбандарының саны 94-ке жетті

17.02.2022

Бразилияның Петрополис қаласында алапат тасқыннан опат болғандар саны 94-ке жетті. Қалада үш күн қаралы деп жарияланды. Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Еске салайық, сейсенбіде толассыз жауын жауып, лай көшкіні жүрген. Жауын-шашынның бір айлық мөлшері түсіп, ондаған үй қирады. 300-дей тұрғын үйлерін тастап кетті. Олар мектептер пен уақытша шатырларды паналауға мәжбүр. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу