Өткен тәулікте 70 адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 70 адамнан коронавирус анықталды

13.10.2020

Өткен тәулікте 70 адам коронавирус жұқтырып, науқастар саны 108 901-ге жетті. Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанғандар саны кешегіден әжептәуір төмен. 4 адам ауырып, тізім 35 мыңға жуықтады.

Дертінен айыққандардың жалпы саны 131 мыңнан асады. Өкінішке қарай, кеше өкпесі қабынып ауырғандардың екеуі қайтыс болды. Осылайша пневмониядан көз жұмғандар саны 370-ке жетті. Ал коронавирус құрбаны болғандар саны – 1746.

Раушан Сайлауқызы

коронавирус жалпы ахуал статистика коронавирус

Хабарламаларға жазылу