Мектеп пен балабақшадағы мерекелік шаралар қысқартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектеп пен балабақшадағы мерекелік шаралар қысқартылды

03.03.2020

Бұл Нұр-Сұлтан қаласына қатысты талап. Қалалық білім беру басқармасы мұның себебін де түсіндірді.

Дәл қазір жедел жұқпалы респираторлық вирусты инфекцияның өршіп тұрған кезі. Сондықтан 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесін өткізуге жоспарланған кейбір салтанатты жиындар болмайды. Бұл - балғындар мейрамды тойламайды деген сөз емес. Жоспар бойынша өтеді. Бірақ 60-тан 200-ге дейін адам жиналатын шаралар тоқтайды.

Ал мектеп, балабақшаларда бетперде киіп жүру керек деген талап жоқ. Ол әркімнің өз еркі. Еліміздің санитар мамандары егер ауырып жөтелсеңіз, тұмау тиіп түшкіріп жүрсеңіз мүмкіндігінше маска киіп жүру керек деп күнде айтып жатыр. Сол себепті сақтық шараларын сақтау өз қолыңызда.

Сәуле АЛДАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу