Жетісу жеріндегі мерекелік шаралар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу жеріндегі мерекелік шаралар

01.05.2016
Жетісу жеріндегі мерекелік шаралар
Жетісу жұрты елдегі бейбіт өмір мен саяси тұрақтылықты біздің басты байлығымыз, деп бағалайды.

Мамыражай мамырдың алғашқы күніндегі мерекені жетісулықтар да жарқын жүзбен атап өтіп жатыр. Талдықорғандағы «Жастар» саябағы бүгін шат-шадыман көңіл-күйдің, ән мен бидің орталығына айналды.

Облыстың әр аудан-қаласында алуан этнос өкілі бір мезетте қара жорға биін билеп, флеш-моб ұйымдастырды. Жалпы, өңірде ресми тіркелген 103 этнос өкілі береке-бірлікте тұрып жатыр.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу