Тәуелсіздік мейрамы Сыр елінде де сән-салтанатымен аталып өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік мейрамы Сыр елінде де сән-салтанатымен аталып өтуде

16.12.2014
Тәуелсіздік мейрамы Сыр елінде де сән-салтанатымен аталып өтуде

Орталық алаңда концерттік бағдарламалар мен түрлі шаралар ұйымдастырылды. Облыс көлемінде бір апта бұрын басталған мерекелік шаралар бүгін тіпті кең өріс алды. Елін сүйетін, халқын қадірлейтін көпшілік орталық алаңға жиналды. Мұнда концерт, спорттық шаралар ұйымдастырылуда.

Бүгінгі мереке аудандар мен ауылдарда да қызып жатыр. Әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Бірінде клуб, бірінде мектеп, енді бірінде балабақша ашылды. Ал, кейбіреулер жаңа баспанаға қоныстанып, отбасылық қуанышқа кенелуде.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу