Көппәтерлі үйге аралар ұя салып, 45 келі бал жинаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көппәтерлі үйге аралар ұя салып, 45 келі бал жинаған

03.03.2020
Көппәтерлі үйге аралар ұя салып, 45 келі бал жинаған

АҚШ-тың Ричмонд қаласындағы көппәтерлі үйлердің біріне аралар омарта салған. 

Үй иесі зиянкестермен күрес компаниясына ауа желдеткіштер арқылы ара кіріп кететінін айтып, шағымданған. Ал бұрын бұл пәтерде ешкім тұрмағандықтан, араның бар-жоғы байқалмаған. 

Мамандар тексере келе, пәтердің төбесінен ұзындығы 2,5 метр болатын омарта тапты. Олардың айтуынша, аралар шамаман 2 жыл бұрын ұя салған. 45 келі бал жиналған.

Lenta.ru

Хабарламаларға жазылу