Грекияда Түркиядан ағылған мыңдаған мигрант полициямен қақтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда Түркиядан ағылған мыңдаған мигрант полициямен қақтығысты

02.03.2020

Грекияда Түркиядан ағылған мыңдаған мигрант полициямен қақтығысты. Олар шекарадан өтпек болып, Кастаниес постына лап қойған. 10 мыңдай адамды тоқтату үшін шекарашылар көз жасаурататын газ бен су атқыштар қолдануға мәжбүр болды. Босқындар да қарап қалмай, қолдарына түскен затты лақтырып, қарсыласты. Қақтығыс салдарынан олардың көбі тұтқындалды. Мигранттар дағдарысы Түркия қабылдаған шешімнен кейін ушығып отыр. Өткен аптада, Сириядағы шабуылдардың өршуіне байланысты, Анкара елдегі мигранттардың Еуропаға өтуіне енді тосқауыл болмайтынын ашық айтқан. Онсыз да 3,5 миллиондай босқынды асырап отырған мемлекет тағы мыңдаған сириялықты қабылдауға қауқарсыз екендіктерін мәлімдеген. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу