Грекияда шерулер жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда шерулер жалғасып жатыр

06.03.2023

Грекияда пойыз апатынан кейін шерулер тыйылмай тұр. Наразы жұрт Афиныда полициямен қақтығысты. Олар қоқыс жәшіктерін өртеп, тәртіп сақшыларына отты шөлмек лақтырған. Ал қарсы жақ демонстранттарды тарату үшін гранаталар қолданды. Бұдан бөлек, кәсіподақтардың ереуілі жалғасып жатыр.

Ал Грекия премьер-министрі 57 адамның өмірін жалмаған трагедия үшін халықтан кешірім сұрады. Еске салайық, пойыз апаты наурыздың 1-де болды. Сол кезде жолаушылар пойызы мен жүк пойызы бетпе-бет келіп соқтығысқан. Абайсызда адам өлтірді деген күдікпен станция басшысы ұсталды.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу