Гонконгте шерушілер полициямен қақтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконгте шерушілер полициямен қақтығысты

15.07.2019

Гонконгте тағы өткен шеру барысында демонстранттар полициямен қақтығысып, 30-ға жуық адам зардап шекті. Наразы жұрт жолдарды бөгеп, жергілікті сауда үйіне басып кірген. Полицияның оларды тоқтатпақ болған әрекетінен кейін, жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Сондықтан олар таяқ пен бұрышты газ қолдануға мәжбүр болған. Қақтығыс салдарынан он шақты адам тұтқындалды.

Гонконг халқы экстрадиция туралы заңға қарсы. Маусымнан бері өтіп жатқан наразылық акцияларына миллионнан астам адам қатысқан. Үкіметтің заң жобасын тоқтатқанына қарамастан, демонстранттар одан ресми түрде бас тартпайынша, шерулетуден тайынбайтынын айтты.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу