Шымкентте жемқорлық азаймай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жемқорлық азаймай тұр

25.02.2020

Шымкент қаласы бойынша былтыр сыбайлас жемқорлыққа байланысты 60 қылмыс тіркеліп, 58 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жемқорлығы үшін жаза арқалғандардың 10-ы мемлекеттік органдарда басшы лауазымда жұмыс істеген тұлғалар. Сыбайластық, әсіресе, полиция, мемлекеттік қызмет, құрылыс, жер қатынастары және білім беру саласында өршіп тұр. 

Былтыр ішкі істер саласының бір ғана ауданаралық емтихан қабылдау бөлімінің 27 қызметкері істі болды. Ал білім беру саласында мұғалімді жұмысқа қабылдау үшін оқу ордаларының басшылары 500 мың теңгеден астам пара талап етуді әдетке айналдырған. Жемқорлық әсіресе мектеп директорларын тағайындау, мұғалімдерді аттестаттау, үміткерлерді сынақтан өткізу ісінде жиі анықталады. Ал жер қатынастары саласындағы жағдай тіпті сорақы. Мәселен, бұл құрылым өткен жылы тұрғындарға 6 мың 370 қызмет түрін көрсеткен болса, соның небәрі 11-і ғана электронды түрде атқарылған. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ


Хабарламаларға жазылу