Украинада үрейленген жұрт Қытайдан келген автобусты елді мекенге өткізбеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада үрейленген жұрт Қытайдан келген автобусты елді мекенге өткізбеген

21.02.2020

Ал Украинада жаңа типті жұқпалы індет толқулардың себепшісі болды. «Новые Санжары» ауылының тұрғындары Қытайдан эвакуацияланған адамдарға наразылық білдіріп, полициямен қақтығысып қалды. 10-нан астам адам тұтқындалғаны белгілі болды. Елге коронавирус әкелуі мүмкін деп үрейленген жұрт Қытайдан келген автобусты елді мекенге өткізбеген. Сонымен қатар, шерушілер жолдарды бөгеп, көлікке тас лақтырып, көшеде от қойды. Тәртіпсіздіктерді тоқтату үшін полиция күш қолданған. Жолаушылар шипажайға бірнеше сағаттан соң ғана жеткізілді. Санаторийде олар екі апталық карантинге жатқызылмақ. 

Айта кетсек, ұшақпен Қытайдан 70 адам эвакуацияланды. Олардың ішінде, 45 украиналықпен бірге Қазақстан, Аргентина, Эквадор, Сальвадор азаматтары бар. 

Жансая Қапасқызы


Хабарламаларға жазылу