Құрамында қанты бар сусындарға салық көбейтілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрамында қанты бар сусындарға салық көбейтілмек

16.02.2020

Құрамында қанты бар сусындарға салық көбейту туралы айтыла бастады. Тәтті, газдалған, энергетикалық сусындарға, шырындар мен салқындатылған тәтті шайларға. Дүниежүзілік даму банкінің өкілдері елімізде зерттеу жүргізген, салықты көбейтуді солар ұсынып отыр. Бейнелеп айтқанда «бір грамм пайдасы жоқ», керісінше, денсаулыққа аса зиян сусындардың бағасы қолжетімді. Тым арзан.

Денсаулық сақтау министрлігі де еліміздегі аурулардың басым бөлігі инфекциялармен байланысты еместігін айтады. Соңғы 5 жылда жүрек-қан тамырлары аурулары 16 процентке, онкоаурулар 2,4 процентке, қант диабеті 31,1 процентке өскен. Басты фактордың бірі – дұрыс тамақтанбау. Айтпақшы, елімізде семіздікке шалдыққандар саны халық санының үштен біріне жетіп қалды. Онсыз да кермек татыған тіршілікті одан сайын удай ететін.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу