Индонезияда Мерапи жанартауы атқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда Мерапи жанартауы атқылады

13.02.2020
Индонезияда Мерапи жанартауы атқылады

Индонезияның Ява аралында Мерапи жанартауы оянды. Жанартау жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 05:16-да атқылаған. Қазіргі уақытта сол маңдағы тұрғындарға эвакуация туралы ескерту жіберілген. 

Аймақтың қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, жанартаудан атылған күлдің биіктігі 2 мың метрге жеткен. 

Еске сала кетейік, дәл осындай табиғат апаты 2010 жылы тіркелген еді. Апат салдарынан 347 адам мерт болған-ды.

trthaber.com

Хабарламаларға жазылу