ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев кей өңірде толассыз жауған қардың кесірінен су тасу қаупі жоғары екенін айтты.
Министр «Қазсушар» РМК мен «Қазгидромет» орталығына жағдайды бақылап отыруды, су қоймаларына күнделікті мониторинг жүргізуді тапсырды.
«Cу тасу қаупіне тастүйін дайын болуымыз керек. Биыл қыс айтарлықтай жылы болды әрі қар көп жауды. Көктемде қар еріп, Қарағанды, Ақмола, СҚО, Қостанай, ШҚО-дағы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін», - деді Мағзұм Мырзағалиев баспасөз мәслихатында.