Вьетнамда тасқыннан 3 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вьетнамда тасқыннан 3 адам қаза тапты

18.10.2021

Вьетнамның солтүстік және орталық бөліктерінде алапат тасқын жүріп, 3 адам қаза тапты. Бұған дейін өңірлерде 1 апта бойы күшті нөсер жауған. Рейтердің мәліметінше, тағы бірнеше тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Мыңнан астам үйді су басқан. Табиғи апат кезінде негізгі көлік жолдары жабылып, мектептер уақытша жұмыс істемей тұр. Ауа райын бақылаушылардың мәліметінше, алдағы күндері жауын-шашын мен тасқын күшейе түсіп, сел жүруі мүмкін. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу