«Олимп» букмекерлік кеңсесінде бәс тігу тоқтатылды

22.01.2020
«Олимп» букмекерлік кеңсесінде бәс тігу тоқтатылды

«Олимп» букмекерлік кеңсесінде бәс тігу тоқтатылды.

«2020 жылдың 22 қаңтарынан бастап OLIMP.KZ лицензияның тоқтатылуына байланысты бәс қабылдай алмайды», - делінген букмекерлік кеңсесінің хабарламасында. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы прокуратурасы «Олимп» букмекерлік кеңсесінің 145 млрд теңге салықтық берешегі бар екендігін анықтады. Сондай-ақ, «Олимп» букмекерлік кеңсесі әкімшілігінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны да хабарланды.


Хабарламаларға жазылу