Сот «Олимп» букмекерлік кеңсесінің өтінішін қанағаттандырмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сот «Олимп» букмекерлік кеңсесінің өтінішін қанағаттандырмады

18.12.2019
Сот «Олимп» букмекерлік кеңсесінің өтінішін қанағаттандырмады

Алматы қаласы прокуратурасының талабы бойынша «Олимп» сауда белгісімен қызметін жүзеге асыратын «Олимп.kz» букмекерлік кеңсесі» ЖШС және «Alpha-bet» ЖШС қызметінде тақырыптық салықтық тексеру тағайындалды.

Тексеріс Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаментімен бес ай бойы жүргізілді, соңғы бес жылда ойын бизнесі салығын дұрыс есептеу мәселесі қамтылды. 

«Букмекерлік кеңсесі» ЖШС өсімпұл мен айыппұлдарды есепке ала отырып, салықтық тексеру нәтижелері бойынша «Олимп.kz» ЖШС - 62 миллиард теңге, ал «Alpha-bet» ЖШС - 83 миллиард теңге есептелді. 

Сот «Олимп» букмекерлік кеңсесінің өтінішін қанағаттандырмады. Осыған дейін, ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарымен бірлесіп, «Олимп» букмекерлік кеңсесі әкімшілігінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуге бастамашы болғаны айтылды.

Хабарламаларға жазылу