Халқымыздың 5 пайызы букмекерлік кеңселердің тұрақты қонағына айналған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халқымыздың 5 пайызы букмекерлік кеңселердің тұрақты қонағына айналған

08.04.2018

Осы апта басында футболдан чемпиондар лигасының ширек финалы басталды. Дүбірлі додада әлемнің азулы командалары бақ сынасып жатыр. Миллиондаған футбол жанкүйері түн ұйқысын қиып, сүйікті командаларына қолдау көрсетіп бақты.  Сарапшылар кездесудің тартысты болатынын, кім жеңетінін болжап, жорамал жасап жатыр. 

Букмекерлер де бұл мүмкіндікті мүлт жібермей, жанкүйерлерге ақша тігіп, үлкен олжаға ие болуды ұсынып отыр. Алайда, бұл бәс тігу ме, бас тігу ме? Деректерге қарағанда, ел тұрғындарының шамамен 5 пайызы букмекерлік кеңселердің тұрақты қонағына айналған екен. Олардың ішінде құмарлықтың құрбаны болып, өмірін құрдымға құлдилатып жатқандар аз емес. Альбина Әшімнің репортажы.

Хабарламаларға жазылу