АҚШ әскері орналасқан Ирактағы авиабазаға зымыранмен шабуыл жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ әскері орналасқан Ирактағы авиабазаға зымыранмен шабуыл жасалды

15.01.2020
АҚШ әскері орналасқан Ирактағы авиабазаға зымыранмен шабуыл жасалды

Бағдаттың солтүстігінде орналасқан Эт-Таджи әскери базасына сейсенбіде шабуыл жасалды. Нақтырақ айтсақ, «Катюша» реактивті снарядтарымен соққы жасалды. 

Al Sumaria телеарнасының хабарлауынша, базаға 8 зымыран бағытталған. Олар әскери нысанның маңайында жарылған. Соққы салдарынан қаза тапқандар жоқ. Ирактың 3 әскери қызметкері жарақат алған.

Әзірге шабуылды кім ұйымдастырғаны белгісіз.

dailystar.com.lb

Хабарламаларға жазылу