Ресей әскері таңертең Киев пен өзге қалаларға шабуыл жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей әскері таңертең Киев пен өзге қалаларға шабуыл жасады

10.10.2022

Ресей әскері таңертеңгі қарбалас шақта Украина астанасы Киев пен өзге қалаларға және елдімекендерге зымыранмен, артиллериямен шабуыл жасады. Киевте 5 адам қайтыс болып, 12 тұрғын жараланды. Метро станциялары тоқтап, ғимараттар қирап, автомашиналар жойылған. Сонымен қатар, Львов, Житомир, Тернополь, Днепропетровск облысы да бомбаланды. Болжамдарға сәйкес, Ресей Қырым көпірі зақымданғаны үшін Украинадан кек алып жатыр. Алайда, қарсы жақ ол көпірдегі жарылысты өз мойнына алмай, бүгінгі шабуылдан кейін Ресейді «терроризм» үшін айыптап отыр. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу