Иран Ирактағы АҚШ-тың әскери базаларын зымыранмен атқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран Ирактағы АҚШ-тың әскери базаларын зымыранмен атқылады

08.01.2020
Иран Ирактағы АҚШ-тың әскери базаларын зымыранмен атқылады

Иран Ирактағы АҚШ-тың екі әскери базасына ракеталық шабуыл жасады.

АҚШ Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесі бойынша, 7 қаңтар күні кешкі 17:30 шамасында Иран әскерилері Ирактағы АҚШ-тың әскери объектілеріне бірнеше баллистикалық ракета жіберген. Иран ракеталарды Әл Ассад және Эрбиль базаларына бағыттағаны анық. 

Қазіргі уақытта келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр.

© Фото: Spc. Anthony Zane


Хабарламаларға жазылу