Елімізде құлаған зымыран «Iskander-M» кешеніне тиесілі емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде құлаған зымыран «Iskander-M» кешеніне тиесілі емес

15.01.2020
Елімізде құлаған зымыран  «Iskander-M» кешеніне тиесілі емес

ҚР Қорғаныс министрлігі зымыранның «Iskander-M» кешеніне тиесілі емес екенін мәлімдеді. 

Бірлескен Қазақстан-Ресей комиссиялары алдын ала берген мәліметтерге сәйкес, Ақтөбе облысында табылған зымыран фрагменттері атмосфераның жоғарғы қабатын зерттеуге бағытталған геофизикалық ракетаға тиесілі.

Апат болған жерде радиациялық фондық өлшеулер, топырақ үлгілері және қар түрінде жауын-шашындар алынды.

Қирандылар қоршаған ортаға да, Ақтөбе облысының тұрғындарына да қауіп төндірмейді. Гамма-сәулеленудің дозасы ауданның табиғи радиациялық фонынан аспайды деп ақпарат таратты министрлік. 

Ал, «Live Journal» басылымы Қазақстан аумағында сынақ алаңынан тыс жерге құлаған зымыранды 9K720 «Iskander-M» кешеніне тиесілі деп болжам жасаған. Аталмыш басылым, сондай-ақ, ресми дерек көздерінде нақты ұшыру қашықтығы 500 шақырым деп көрсетілгенімен, ұшу қашықтығы 650 шақырымнан асып түсуі мүмкін екендігін де айтқан.

Хабарламаларға жазылу