Пхеньян екі бірдей баллистикалық зымыран ұшырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пхеньян екі бірдей баллистикалық зымыран ұшырды

10.03.2016
Пхеньян екі бірдей баллистикалық зымыран ұшырды
Солтүстік Корея шағын қашықтыққа екі бірдей баллистикалық зымыран ұшырды. Елдің оңтүстігіндегі Хванхэ-Пукто провинциясынан таңертең жіберілген ракеталар Жапон теңізіне барып құлаған.

Бұл туралы Оңтүстік Кореяның «Ренхап» агенттігі хабарлады. Тура бір апта бұрын Пхеньян осындай бірнеше зымыран ұшырды. Сонымен бірге, оларға ядролық оқтұмсықтарды орнатуға мүмкіндік алған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу