Басты Жаңалықтар Ақтөбе облысында мұнай қалдықтарын сақтау орны отқа оранды

Ақтөбе облысында мұнай қалдықтарын сақтау орны отқа оранды

Ақтөбе облысының Жаңажол кентінде мұнай қалдықтарын сақтау орны отқа оранды. Өрттің үлкен болғаны соншалық қызыл жалын маңайдағы елдімекендерге де көрінген.

Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, өрт дәнекерлеу жұмыстарының салдарынан кешкі 7:30-дар шамасында тұтанған. Алдымен 3 миллион литр мұнай сақталған резервуарда жарылыс болып, артынша жана бастаған. Оқиға орнында 8 арнайы техника мен 35 өрт сөндіруші жұмыс істеді. Сондай-ақ облыс орталығынан қосымша көмек шақырылды. Өрт түнгі сағат 23:00-ге дейін толық сөндірілген. Төтенше жағдайдан зардап шеккендер жоқ.

Жақсыбек КЕМАЛ

Бөлісу