Қазақстанда көлік саны өсіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда көлік саны өсіп келеді

10.03.2017
Қазақстанда көлік саны жылдам өсіп келеді. Мәселен, 2000 жылы елде тек 1 миллион 300 мың автокөлік тіркелсе, қазір 4,4 миллионға жақындады. Есептеп көрсек, әр 100 қазақстандыққа 25 машинадан келеді.

Бұл халық санымен есептеп алғанда аса көп емес. Мәселен, Жапонияда әр 100 адамға 60 көліктен, көрші Ресейде 33 көліктен келеді екен. Қазақстанды жыл сайын 540-590 мың адам жүргізуші куәлігін алады. Оның 200 мыңға жуығы бұл құжатты алғаш рет алып отырғандар.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу