Автонесиеге сұраныс артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Автонесиеге сұраныс артты

23.08.2023

Елімізде ипотека, тұтынушылық несие және автокредитке сұраныс артып келеді. Ұлттық банктің дерегінше, екінші тоқсандағы өсім негізінен кепілсіз тұтынушылық несиенің арқасында болып отыр. Ол 17 пайызға өсіп, 18,8 млн өтінім түскен. Негізінен тауар сатып алуға жарияланған акциялар мен бөліп төлеудің саны көп.

Ипотека нарығында да сұраныс бар. Өтінімдер саны 17 пайызға өскен. Оған құрылыс компаниялары мен банктер арасындағы әріптестік әсер еткен. Ал автонесиеге өтініш бергендердің саны 26 пайызға артыпты. Көлік саудасының өсуіне қытай көліктерінің біздің елге көптеп келуі мен логистиканың қалыпқа келуі сеп болып отыр. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу