«Bek Air»-дің кешірім сұрамауы — ардың ісі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Bek Air»-дің кешірім сұрамауы — ардың ісі

30.12.2019

«Ұшақ апатқа ұшырағанда «Bek Air» әуе компаниясы өкілдерінің халық алдына шығып кешірім сұрамауы – ардың ісі. Бірақ қайғылы жағдайға душар еткендер кім болса да лайықты жазасын алады. Мен мұны Үкімет атынан ресми түрде мәлімдеймін», деді Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр. Сондай-ақ ол «Bek Air» авиакомпаниясының жұмысына мүлдем шектеу қоюды авиациялық әкімшілік шешетінін мәлімдеді. Бірақ кезінде «Bek Air»-ге IOSA сертификатынсыз-ақ тасымал жасауға рұқсат берілген еді. Сертификат халықаралық бағыттағы ұшақтарға талап етілгенімен, ішкі тасымал үшін де қажет. Яғни, әуе кемесі туралы әңгіме қозғалғанда қауіпсіздікті күшейту артық болмайды. Бұл енді болашаққа сабақ болды. Ал оқиға орнынан табылған қара жәшік мамандардың қолына түсті. 

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу