Сатылған билеттер қайтарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сатылған билеттер қайтарылады

28.12.2019

Кешегі ұшақ апатынан кейін «Bek Air» әуе компаниясының 100-ден астам бағытына шектеу қойылғанын бұған дейінгі хабарларымызда айттық. Сол себепті 31 желтоқсанға дейін «Bek Air» жолаушылардың билет құнын толық қайтарады. Бұл бағытқа барлығы 9157 билет сатып алынған. Бұл индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің берген ақпараты болатын. Бірақ елорда әуежайындағы жағдай бұған қарама қайшы. Жолаушылар билеттерін қайтара алмай әлек. Толығырақ келесі сюжетте.  

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу