Bek Air компаниясының мүлкі бұғатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Bek Air компаниясының мүлкі бұғатталды

26.05.2020

Bek Air компаниясының мүлкі бұғатталды. Компания жолаушыларға 47 млн теңгеден астам берешек. Сот әуе билеттері үшін ақшаны қайтару туралы талап-арыздар бойынша мүлкін бұғаттап отыр. 729 жолаушы тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне арыз жазып, сотқа жүгінген. Әуе компаниясы сот талқылауы кезінде де мүлкін сатуға құқылы. Сондықтан 20 сәуірде Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты Bek Air мүлкіне тыйым салған. Еске салсақ, 2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бет алған Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған еді. Бортта 93 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған. Өкінішке орай, әуе апатынан 15 адам көз жұмды.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу