Bek Air өкілдері Fokker 100 ұшағы апатына не себеп болуы мүмкін екенін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Bek Air өкілдері Fokker 100 ұшағы апатына не себеп болуы мүмкін екенін айтты

30.12.2019

Bek Air ұшағының апатқа ұшыруына оның алдында 1 минут бұрын әуеге көтерілген Airbus-тың артынан қалған ауадағы иірім ізі себеп болуы мүмкін. Мұндай болжамды Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде Bek Air әуе компаниясының өкілдері айтты. 

Олардың сөзінше, екі ұшақтың арасындағы ұшу қашықтығы 1 минут емес, 2 немесе 3 минут болуы тиіс. Сондықтан Fokker 100 көкке көтеріле алмай, Airbus-тың артында қалған ағынға ұрынған. Сонымен қатар, үш күннен бері үн қатпай, халықтан неге кешірім сұрамадыңыздар деген тілшілердің сұрақтарына, компания мамандары есеңгіреп қалғандарын, содан жұрт алдына шыға алмағанын айтты. Ал брифингте әуе компаниясының басшысы «әуежай маңына салынған ғимарат болмағанда, ұшақ жолаушылары аман қалар еді», - деді.

Хабарламаларға жазылу